Америка Құрама Штаттарында инфляция баяулай бастады, бірақ көрсеткіш әлі де тым жоғары деңгейде. Миннеаполис Федералды резервтік банкінің (FRB) басшысы Нил Кашкари осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
«Мені алаңдатып отырған мәселе – біз инфляцияны Федералды резервтік жүйенің 2% нысаналы дәлізіне қайтару үшін жеткілікті жұмыс жасадық па? Әлде алдағы уақытта да көп жұмыс жасауымыз керек пе?» – деді Нил Кашкари.
Бұл ретте ол қымбатшылық көрсеткіші ақырындап баяулап келе жатқанын мәлім етті.
«Инфляция баяулауда. Біз ілгерілеушілік қол жеткіздік. Мен бұған, әлбетте қуаныштымын. Бірақ бұл әлі де тым жоғары көрсеткіш», – деп келтіреді Market Watch басылымы Нил Кашкаридің сөзін.
Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша АҚШ-та тұтынушылық бағасының өсуі маусымдағы 3%-дан шілдеде 3,2%-ға дейін жеделдеді. Миннеаполис Федералды резервтік банкінің басшысы биылғы жылы Федералдық ашық нарық комитетінде (FOMC) дауыс беру құқығына ие.
Шілдеде ФРЖ пайыздық мөлшерлемені 25 базистік пунктке 5,25-5,5%-ға дейін көтерді, бұл 22 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Мөлшерлеме деңгейіне арналған фьючерстердің баға белгілеулеріне қарағанда, трейдерлер FOMC қыркүйектегі кездесуінің қорытындысы бойынша оның сол деңгейде сақталуын күтуде.