Жаңалықтар

Блинкен Нигердегі жағдайды дипломатиялық жолмен реттеу мүмкін деп есептейді

Энтони Блинкен
Фото: kursiv.media

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сейсенбіде Нигердегі саяси дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу мүмкіндігі барын мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

«Біз бұрынғыша мәселені дипломатиялық жолмен шешіп, елде тәртіп орнатуға назар аудару керек деп есептейміз. Бұл нәтижеге жету үшін келіссөздер жүргізуге әлі де мүмкіндік бар деп ойлаймын», – деді ол Мемлекеттік департаментте журналистерге.

Еске сала кетсек, 26 шілдеде Нигер президенттік гвардиясының жауынгерлерінің бір бөлігі биліктен шеттетілген мемлекет басшысына қарсы шықты. Нигер Қарулы Күштерінің Бас штабы көтерілісті ұйымдастырған жауынгерлерге қолдау көрсетті.

Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы, Еуропалық Одақ, Франция және басқа да бірқатар мемлекеттер әскери төңкерісті айыптап, Базумның босатылып, президенттік қызметіне қайта оралуын талап етті.

Өткен аптада Нигерияның астанасы Абуджада Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы мемлекеттерінің саммиті өтті, оның қатысушылары қорытынды мәлімдемеде «тек бейбіт әдістерді қолдана отырып, конституциялық тәртіпті қалпына келтіруді мақсат ететінін» атап өтті. Бұл ретте кездесуге қатысушылар Нигер аумағында операция жүргізу қажет болған жағдайда әскери контингент жасақтап, дайын ұстауға келісті.