Жаңалықтар

Елімізде негізгі капиталға салынған барлық инвестициялардың 4%-ы Алматы облысына тиесілі

2023 жылғы қаңтар-маусымда 267 млрд теңге немесе ҚР-да негізгі капиталға салынған барлық инвестициялардың 4%-ы Алматы облысына тиесілі болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметі хабарлады

Жалпы, Алматы облысына салынған негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) өсімі 119,4%-ды құрады, бұл – еліміздің аграрлық-индустриялық өңірлері арасында жоғары көрсеткіш. Мысалы, Қостанай облысына салынған капитал салымдарының өсімі – 118,9%, Ақмола өңіріне – 116,1%, Солтүстік Қазақстан облысына – 98,1%.  

Өңірге 267 миллиардтаған инвестициядан:

188,9 млрд немесе 70,7%-ды (облыстың НКИ жалпы көлемінен) шағын бизнес; 

42,5 млрд теңге немесе 15,9 % – орта бизнес;

35,7 млрд теңге немесе 13,4% – ірі бизнес инвестициялады.

25,8% (облыстың НКИ жалпы көлемінен) Іле ауданына (68,9 млрд), 24,1% Қарасай ауданына (64,4 млрд теңге) тиесілі. 

65,7% (175,5 млрд) өз қаражаты есебінен инвестицияланды. Қалған 91,5 млрд қарыз (53,9 млрд) және бюджет (37,6 млрд) қаражатына тиесілі. 

Салалық бөліністе облыс инвестицияларының жалпы көлемінен 24,6% немесе 65,6 млрд өнеркәсіпке жіберілді. Оның ішінде 31,6 млрд – өңдеу өнеркәсібіне, 20,5 млрд – тау-кен өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға бағытталды. 

Өңірдегі инвестициялар үшін үздік бағыттарға сондай-ақ мыналар кіреді:

жылжымайтын мүлікпен операциялар (101,3 млрд);

көлік және қоймалау (41,5 млрд).  

 Өңірдегі перспективалы инвестициялық жобалардың ішінен салат өсіру бойынша 1 га жылыжай кешенінің құрылысын (іске асырудың жоспарланған мерзімі 2024 жыл), ет өңдеу кешенінің құрылысын (2025 жыл), құс фабрикасының (2025 жылға қарай) және жеміс сақтау қоймасының құрылысын (2025 жылға жақын) атап өтеміз.