Жаңалықтар

Freedom Life өмірді сақтандыру бойынша ең көп сыйақы жинаған әлемдік көшбасшыларды атады

Freedom Life Өмірді сақтандыру компаниясы әлемнің әртүрлі елдерінде жиналған сақтандыру сыйақы мөлшерін есептеп, көшбасшыларды атады.

Қазір әлемдегі ең ірі сақтандыру нарығы- АҚШ. 2022 жылы оның қатысушылары 2,7 трлн сақтандыру сыйақысын жинады. Бір жыл ішінде өсім 8,1% құрады. Сондай-ақ, алғашқы бестікке Қытай ( 696,1 млрд, 6,1% өсім), Жапония (4 403,6 млрд, 2,6% қысқару), Ұлыбритания (3 399,1 млрд, 16,7% өсім) және Франция (2 296,4 млрд, 24% өсім) кірді.

Қазақстан әлемдік сақтандыру нарығының 20 көшбасшысының қатарына кірген жоқ. Өткен жылы сыйақы жиынтық көлемі 899,6 млрд теңгені ($1,9 млрд) құрады

Сонымен қатар, Қазақстанда да өсу байқалады. Шетелдік мамандардың бағалауы бойынша, 2027 жылға қарай қазақстандық сақтандырушылар сыйықы жинаудың жыл сайынғы 12% – ға өсуіне қол жеткізеді.

Цифрлық сақтандырудың негізгі жаһандық трендтерінің ішінде Freedom Life өз компаниялары мен серіктестері арасында экожүйені құруды, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде сақтандыруды (мысалы, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесімен бірлескен бағдарлама шеңберінде өмірді жинақтаушы сақтандыру), сервистің жылдамдығы мен оңтайландырылуын, деректерді талдауды және алаяқтықтан қорғауды, сондай-ақ жасанды интеллектті енгізуді бөліп көрсетеді.