Қырғыз Республикасының премьер-министрі Орталық Азия елдерін су мәселесі төңірегінде бірігуге шақырды

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров су Орталық Азияны біріктіретін факторға айналуы керек деп санайды, деп хабарлайды Kabar.kg.

«Су Орталық Азиядағы біріктіруші факторға айналуы мүмкін және болуы керек, оны кешенді пайдалануға аймақтың барлық мемлекеттерінің тұрақты дамуы байланысты», – деді Жапаров Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде Қырғыз елі мен Өзбекстанның су, энергетика және көлік салаларындағы ынтымақтастық оң нәтижеге алып келуде.

«Бүгінгі таңда Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысы мен Қытай-Қырғыз Республикасы-Өзбекстан темір жолының құрылысы сияқты ірі жобалар белсенді жүзеге асырылуда», – деді Ақылбек Жапаров.

Премьер-Министр екі мемлекет басшылары жаңа өндіріс орындарын құруда, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуда, сондай-ақ тоқтап тұрған кәсіпорындарды қайта іске қосуда үлкен әлеует көріп отырғанын айтты.

Еске сала кетсек, Ыстықкөл облысының Шолпан-Ата қаласында Қырғыз елі мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысы өтті.

Отырысқа Қырғызстан Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров пен Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов төрағалық етті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыз