Қырғызстаннан жеткілікті мөлшерде су берілмегендіктен Қазақстан 560 гектар егінінен айырылды

Жарияланды

Қырғызстаннан Жамбыл облысына суаруға арналған су жеткілікті мөлшерде берілмегендігіне байланысты Қазақстан шамамен 560 гектар алқаптағы егінінен айырылды. Бұл жайлы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы Қырғыз Республикасы Су ресурстары қызметінің басшысы А.Сокеевтің айтуынша қалыптасқан ыстық және құрғақ ауа райына байланысты су жеткілікті жіберілмеген.

«Расымен Талас өзенінің суының аздығынан, сондай-ақ қалыптасқан ыстық және құрғақ ауа райына байланысты Қазақстанға Киров су қоймасынан суару кезеңінде ағызылатын су жеткіліксіз болды. Осыған байланысты Қазақстанға су қоймасынан 1 тамызға дейін суды секундына 45 текше метр деңгейінде сақтау туралы шешім қабылданды, ал Талас бөгетіне секундына небәрі 30 текше метр су жіберілді», дейді маман.

Ал ҚР Экология министрлігінің мәлімдеуінше, осы шаралардың арқасында Байзақ, Жамбыл және Талас облыстарында шамамен 26 мың гектар алқаптағы егінді сақтауға мүмкіндік туған. Қазір суару жұмыстары Қырғызстан аумағындағы мемлекеттік шекара бойындағы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл филиалы жүргізетін дренажды тазалау негізінде жүргізіліп жатыр.

«Бұл шаралар егін шығынын барынша азайтуға мүмкіндік берді және қазіргі уақытта су айналымы әдісімен қолда бар шығын аталған аудандарға беріледі. Жалпы, Талас өзеніне ілінген алқаптардың су тапшылығынан келтірілген залал шамамен 560 га құрайды. Шамамен 26 мың га алаңға шарт жасалды, яғни егін алқабының 99%-ға жуығы сақталды. Бұл шаралар жасалуы қажет болды және тәжірибе көрсеткендей, қабылданған шешім нәтижесінде ақталды», деп хабарлайды Экология министрлігі.

Министрлік биылғы жылы су қоймасына су түсімі ұлғайған кезде Қазақстанға су ағызу ұлғайтылады немесе тірі ағынмен жұмыс істейтін болады деген келісім жасалғанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Қазақстан тарапы Киров су қоймасынан келісілген мөлшерде су берілмегенін мәлімдеген болатын. Талас өзенінің былтырғы жылдың тамыз айындағы кестелік көрсеткіш бойынша Қазақстанның қажеттілігі 45 м3 / сек құрайтын, іс жүзінде су берілмеген – 0 м3/сек. Қазіргі уақытта Қырғызстанның Талас БУВХ қызметімен «Жамбыл ГРЭС» АҚ жұмысын қолдау үшін су қоймасынан кемінде 5 м3/сек су беру туралы келіссөздер жүргізілуде.  

14 тамыз күні Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның Жамбыл облысын сумен қамту жағдайына қатысты түсініктеме беріп, Қазақстанға су тапшылығы жайлы ескертілгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз