Швеция Түркияның экстрадициялауға сұралған адамдарды беру жөніндегі талаптарын орындауға асықпауға шешім қабылдады. Бұл туралы Yeni Shafak басылымы жазды.
Швеция экстрадициялауға сұралған 70 адамның төртеуін ғана бергені нақтыланды.
«Олардың бірі-Түркияда «террористік ұйымға мүше болғаны» үшін түрмеде отырған Махмут Тат. Тағы үш қылмыскердің қатарында Мехмет Кокулу есірткі сатқаны үшін, ал Окан Кале мен Омер Камил Алтын алаяқтық жасағаны үшін сотталды», — деп атап өтті газет.
Қазір Швеция Түркияның НАТО-ға кіруін мақұлдауды күтуде. Алайда, Құранды өртеу әрекеті альянсқа мүшелікке қауіп төндіреді.