Жыл соңына дейін Eriell халықаралық мұнайсервистік компаниясы Қазақстан нарығына шықпақ
Eriell халықаралық мұнайсервистік топ 2023 жылдың соңына қарай Қазақстан нарығына шығуды көздеп отыр. Бұл туралы компанияның жартыжылдық есебінде жазылған.
«2023 жылы ERIELL Қазақстанда қызметін бастауды жоспарлап отыр, бірінші жартыжылдықта бұл үшін дайындық жұмыстары жүргізілді. Топ Қазақстанның мұнай-газ секторындағы негізгі қатысушылармен жұмыс істеуге және тендерлерге қатысуға ниетті. Компания осы жылдың соңына дейін Қазақстанда кеңсе ашуды көздеп отыр», – деп жазылған құжатта.
Сонымен қатар халықаралық мұнайсервистік топ Қытайдың ірі компанияларымен инвестициялар және қосымша жобалар бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Eriell – Ресейдегі, Орталық және Оңтүстік Азиядағы және Таяу Шығыстағы мұнай-газ компанияларына ұңғымаларды салу және жөндеу қызметтерін ұсынатын халықаралық мұнайсервистік топ. Компания 2004 жылы құрылған. Eriell Ресей нарығында 2008 жылдан бері Eriell Neftegazservice құрылымы арқылы жұмыс істейді. Басқарма төрағасы және негізгі акционері өзбек кәсіпкері Бахтиер Фазылов.
Компания Өзбекстандағы учаскелерде 49 бұрғылау қондырғысын басқарады. Биыл аталған топ 48 ұңғыма бұрғылаған және ұңғымаларды перфорациялаудың жаңа қызметі іске қосылды, оның келесі даму кезеңі ұңғыма құрылысын қолдау орталығы болмақ. Сонымен қатар аталған топ Бангладеш пен Иракта бірнеше жобаны сәтті жүзеге асыруда.