Әлеуметтік мақсаттағы тұрғын үй салуды және сатып алуды қаржыландыру қағидалары бекітілді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

«Ашық НҚА» порталында жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет және мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебінен әлеуметтік мақсаттағы тұрғын үй құрылысын және сатып алуын қаржыландыруға қатысты бұйрық талқыланып жатыр.

Бұйрық «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрғандарға тұрғын үйді мониторингілеу және өткізу, жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысы жобалары бойынша тұрғын үйді іске асыру, сондай-ақ Бірыңғай оператордың әлеуметтік мақсаттағы тұрғын үй салуды және сатып алуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет және бағалы қағаздар шығару есебінен әлеуметтік мақсаттағы тұрғын үй құрылысын және сатып алуын қаржыландыру, «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрғандарға тұрғын үйді мониторингілеу және өткізу, жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысы жобалары бойынша тұрғын үйді іске асыру, сондай-ақ Бірыңғай оператордың әлеуметтік мақсаттағы тұрғын үй салуды және сатып алуды қаржыландыруы» қағидалары осы бұйрыққа сәйкес бекітілсін», делінген құжатта.

Бұйрық 1 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болып, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

Сондай-ақ оқыңыз