Алдағы 3-5 жылда пәтерлердің бағасы көтеріле түседі – Риэлторлар қауымдастығы

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Қазір баспана құны тұрақтаған. Ал кейбір қалаларда қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы түсіп жатыр. Бірақ алдағы 3-5 жылда баспана бағасы көтерілуі мүмін. Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Біріккен Риэлторлар Қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко айтты.

«Қазір тұрғын үй нарығында сұраныстың көптігінен бағаның кері кетуі байқалады. Тұрғын үй нарығын не күтетінін ұзақ мерзімді перспективамен қарайтын болсақ, табиғи өсім, көші-қон өсімі, инфляция өсуде, сондықтан менің болжамым бойынша алдағы 3-5 жылда пәтерлердің бағасы әлі де көтеріледі», дейді қауымдастық өкілі.

Лукьяненко сонымен бірге бүгінде халықтың барлық санаттары үшін қол жетімді ипотека көп екенін айтты. Тек осы тақырыпты жақсылап зерттеу керектігін айтады ол.

«Қазір жылжымайтын мүлік нарығының 80%-ы ипотекалық несие тарту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан барлығына «Отбасы банкіндегі» жинақтау жүйесіне назар аударуды кеңес беремін. Пәтерлер қымбат десек те оларды сатып алу мүмкін, әсіресе құлдырап бара жатқан нарықта. Әрине, бұл ешкімге құпия емес, жақын арада тоқырау күтіп тұрғанын болжап айтқанмын. Біз бағаның төмендеуін көріп отырмыз», – дейді ол.

Сарапшы қаражаты бар және пәтер сатып алғысы келетіндерге дәл қазір нарықты бақылап отыруды ұсынды. Өйткені бүгінгі күні көптеген құрлыс салушылар банктермен бірлесе отырып, бастапқы жарнаны 10 пайыз етіп, жеке бағдарламалар жасап жатыр. Сондай-ақ көптеген құрылыс компаниялары бөліп төлеуді ұсынады. Маманның айтуынша бұрын бөліп төлеу құрылыс аяқталғанға дейін ұсынылса, қазір 40 айға дейін беріледі.

Осыған дейін қайталама нарықтағы баспаналар арзандағаны туралы жазғанбыз. Өткен айда бір шаршы метрдің құны 1,7%-ға төмендеген. Арзан бағадағы баспаналар 4 ірі қалада сатылған. Олар – Павлодар -2,2%, Қостанай -1,7%, Алматы – 0,6% және Көкшетау – 0,9%.

Сондай-ақ оқыңыз