Қарағандыдағы өрт болған шахтадан 200 ге тарта адам жер бетіне шығарылды

Жарияланды
Фото: архив kursiv.media

Қарағанды облыстық әкімдігінің хабарлауынша, өрт шыққан «Казахстанская» шахтасынан жер бетіне шығарылған адам саны екі жүзге жуықтады.

«Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтаның қаптал арқылы адамдарды жер бетіне шығаруда. Қазіргі сәтте 182 адам жер бетіне шығарылды,» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі де шахтадағы апатқа байланысты соңғы ақпаратты жария етті.

«Казахстанская» шахтасында сағат 12.22-дегі ақпаратқа сәйкес, оқпандардан 166 адам жер бетіне шығарылды. Апат кезінде шахтада 227 адам, жер бетінде 75 адам болған», делінген хабарламада.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Қазақстан» шахтасында апат болды. Мұнда конвейер таспасынан өрт шыққан. Жүзден аса адам қауіпті аймақта қалғанын хабарлаған едік.

Компанияның баспасөз қызметі шахтада барлығы 227 адам болған, 65 адам жер бетіне шығарылғанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз