Жаңалықтар

Қазақстанда ресейлік «Царьград» телеарнасы бұғатталды

Царьград
Фото: tsargrad-tv

Қазақстанда ресейлік прапогандистік «Царьград» телеарнасы бұғатталды. Бұл туралы Орда кз сайты хабарлады.

Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің сайтындағы мәліметке қарағанда, арна экстремизмді насихаттағандықтан  бұғатталған. Бұған дейін Царьградқа төрт нұсқау берген – оның соңғысы «Қазақ ұлтшылдары Жеңіс күні қарсаңында орыс әйелдеріне үрей туғызды» деген мақалаға қатысты.

Қазір арна сайты бүкіл ел бойынша бұғатталған. Царьград өзін бірінші ресейлік консервативті арна ретінде көрсетеді. Оның негізін қалаушы, православтық олигарх Константин Малофеев Донбасстағы жауынгерлік құрамаларды қаржыландырғаны үшін халықаралық іздеуде, сонымен қатар ЕО мен АҚШ-тың санкциялық тізімінде.