Швейцария санкцияны Беларуссияның үш кәсіпорны мен 38 азаматына қарсы шектеу шараларын енгізді. Бұл туралы Іnterfax.ru хабарлады.
Швейцария мемлекеттік хатшылығының экономикалық мәселелер жөніндегі сайтында жарияланған жаңартылған тізімге сәйкес «Белнефтехим» концерніне, сондай – ақ «БМК» холдингінің Басқарушы компаниясы және «Минск электротехникалық зауыты»ашық акционерлік қоғамдарына қатысты санкция енгізілді.
Сондай-ақ, құжатқа 38 Беларусь азаматы – судьялар, прокурорлар, пенитенциарлық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, мемлекеттік БАҚ қызметкерлері енгізілді.
Шектеулер 15 тамызда күшіне енді, оған сауда және қаржылық шаралар кіреді.
Швейцария алғаш рет 2006 жылы ресми Минскіге санкциялар енгізді, кейінірек олар 2021 және 2022 жылдары кеңейтілді.