Солтүстік Кореямен байланысы бар деген күдікпен қазақстандық компанияға АҚШ санкция салды

Жарияланды

АҚШ Ресей мен Қазақстанның компанияларына қатысты санкция салды. Бұл туралы сол елдің Қаржы министрлігінде жарияланған ақпаратта айтылған.

«Қаржы министрлігі Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы қару-жарақ мәмілелеріне байланысты ұйымдарға санкциялар енгізді,» делінген хабарламада

Ақпаратқа сәйкес, бұл жолғы АҚШ-тың санкция тізімінде қазақстандық «Defense Engineering» ЖШС, ресейлік «Верус» ААҚ компаниясы бар. Сонымен қатар, Словакияның Versor s.r.o. компаниясы да санкцияға ілікті.

«Бұл акция Ресейдің Украинаға қарсы қатыгез соғысын қолдауға ұмтылған үшінші елдердің субъектілерін анықтау, әшкерелеу және жою бойынша АҚШ-тың жалғасып жатқан стратегиясының бір бөлігі. Ресей майдан даласында оқ-дәрілерді жұмсап және ауыр техникасын жоғалта отырып, Украинадағы себепсіз соғысын жалғастыру үшін өзінің бірнеше одақтастарына, соның ішінде КХДР-ға жүгінуге мәжбүр болды. Бүгінгі таңда қаржы министрлігі Ресейге қатысты халықаралық санкциялар режимін айналып өтуге қатысқан жүздеген жеке және заңды тұлғаларға санкциялар енгізді», делінген хабарламада

Бұл фирмаларлардың барлығын Словакия азаматы  Ашот Мкртычев басқарады. Ол биыл наурыз айында АҚШ санкциясына ілінген болатын

«КХДР-мен және ресейлік ресми тұлғалармен келіссөздер барысында ол КХДР-на тауарлар мен шикізат секілді тауарларға айырбас ретінде Ресейге қару-жарақ пен жиырмаға жуық қару түрін жеткізу бойынша жоспарды ұйымдастырған. Мкртычев Versor компаниясының президенті, «Верус» компаниясының негізін қалаушы және иесі, сонымен қатар Defense Engineering компаниясының жалғыз директоры. Мкртычев өз әрекетін КХДР-ның сатып алу жөніндегі шенеуніктерімен үйлестірген және Versor-ды шетелдік компаниялармен келіссөз жүргізу үшін қолданған», — делінген хабарламада.

Egov порталының дерегінше, ТОО Defence Engineering 2018 жылы Астанада тіркелген. 2 мың шаршы метр сауда алаңында, соның ішінде көтерме-азық-түлік бөлі орталықтарында ешбір нақты атаусыз кең ауқымдағы тауарларды сатумен айналысады. Ашық деректердің мәліметінше, Ашот Мкртычев бұл компанияны 2020 жылдан бастап басқарып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз