Жаңа орден: Республика күнінде «Ел бірлігі» ордені тапсырылады

Жарияланды
Көрнекі фото: Ашық дереккөздерден

Қазақстанда «Ел берлігі» ордені пайда болды. Мемлекет басшысы тиісті құжатқа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін: «Достық» (Дружба) орденінің сипаттамасынан кейін осы өкімге қосымшаға сәйкес «Ел бірлігі» (Единство народа) орденінің сипаттамасымен толықтырылсын», делінген құжатта.

Құжатта Қазақстан Республикасының «Ел бірлігі» орденінің сипаттамасы берілген. Оған сәйкес орденнің диаметрі 50 мм болатын екі қабатты сегіз бұрышты жұлдыз пішінінде жасалатыны жазылған.

Ал жұлдыздың пішіні екі қабатты 8 бұрышты, диаметрі 50 мм болады. Қаптамасы ақ түсті металлдан, яғни 999 сынамалы күміс қорытпасы мен алтын жалатылады.

Аталмыш қаулы 12 шілде күні «Ашық НҚА» порталына қоғамдық талқылауға шығарылған болатын.

Жаңа орденді шығару президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапырмасымен жүзеге асарылды. Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда:

«Қолданыстағы кейбір ордендерді халқымыздың біртуар перзенттерінің есімімен атау мәселесін ойластыру қажет. Мысалы, Бейбарыс Сұлтан және басқа да тарихи тұлғалар атындағы орденнің иегері атану кім-кімге де зор мәртебе болар еді. Мен бұған дейін «Ел бірлігі» атты жаңа мемлекеттік награда әзірлеп, бекітуді тапсырдым. Алдағы Республика күнінде бұл марапат алғаш рет тапсырылады. Келесі жылғы Республика күнінде тарихи тұлғалардың атымен аталған ордендерді табыстаймыз. Жыл соңына дейін осы мәселені мұқият сараптап, нақты ұсыныс енгізу қажет. Президент Әкімшілігі бұл жұмысты құзырлы мемлекеттік органдармен, ғалымдармен және сарапшылармен бірге атқарады», деген болатын мемлекет басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз