Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО-да шәкіртақы 15% пен 50% аралығында өседі

стипендия
Фото: shutterstock

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі. Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға, ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға арттырылды. Үкімет басшысы қаулыға қол қойды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей: докторанттарға – 217 500 теңге; резидент-дәрігерлер және магистранттарға – 111 579 теңге; магистранттарға – 97 024 теңге; интерндерге – 75 890 теңге; педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге; өзге мамандықтарда оқитын бакалавриат студенттеріне – 41 898 теңге; кәсіптік білім білім беру ұйымдарында жұмысшы мамандығына оқитын студенттерге – 32 681 теңге; кәсіптік білім беру ұйымдарының өзге мамандықтарында оқитын студенттерге – 31 422 теңге.

Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді. Бұған дейін, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетінін жазған едік. Ол үшін бюджеттен 28 млрд теңге бөлінеді.