Биыл ҚР аумағынан ЕАЭО елдеріне тыйым салынған тауарлардың 662 әкету әрекеті анықталды
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттерінің автомобиль өткізу пункттерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлардың өтуін бақылауды жүзеге асырады.
Әкелуге және әкетуге қолданыстағы тыйымдар мен шектеулер
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында әкелуге және әкетуге мынадай тыйымдар мен шектеулер қолданылады:
– ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 132 бұйрығымен ҚР аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бидайды әкелуге (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды(бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды): 100119; 100199) 6 ай мерзімге (2023 жылдың 10 сәуірі мен 9 қазаны аралығында) тыйым салынған;
– ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 265 бұйрығымен қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарының жекелеген түрлерін ҚР аумағынан әкетуге 6 ай мерзімге (2023 жылдың 3 мамыры мен 2 қарашасы аралығында) тыйым салу енгізілген;
– ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 312 бұйрығымен ҚР аумағынан автомобиль көлігімен тас көмірді: тас көмірден алынған брикеттер, түйіршіктер және ұқсас қатты отын түрлері: тас көмір, шаң тәрізді немесе шаң емес, бірақ агломерацияланбаған (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2701); гагаттан басқа агломерленген немесе көміртектенбеген лигнит немесе қоңыр көмір (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2702) әкетуге 6 ай мерзімге (2023 жылдың 15 мамыры мен 14 қарашасы аралығында) тыйым салынған;
– ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 106 бұйрығымен мұздатылған, жаңа мұздатылған немесе салқындатылған лақа және көксерке балығының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0302891070, 0302720000, 0303240000, 0303891070-тен) әкетуге 6 ай мерзімге (2023 жылдың 15 сәуірі мен 16 қазаны аралығында) тыйым салынған;
– ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 07 маусымдағы № 419 бұйрығымен ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4406910000 «теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты, сіңдірілген ағаштардан жасалған шпалдар жолдар» кодын қоспағанда, шыққан еліне қарамастан, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) 6 ай мерзімге (2023 жылдың 10 маусымы мен 10 желтоқсаны аралығында) ҚР аумағынан әкетуге тыйым салынады;
– ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 378 бұйрығымен ҚР аумағынан автомобиль көлігімен аммофосты (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3105590000) және аммоний нитратын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3102309000) әкетуге 6 ай мерзімге (2023 жылдың 29 мамыры мен 29 қарашасы аралығында) тыйым салынды.
2022 жылы қанша заң бұзушылар тоқтатылды?
2022 жылдың кезеңінде өткізу пункттерінің қызметкерлері ҚР аумағынан ЕАЭО елдеріне тыйым салынған тауарлардың 472 әкету әрекетін анықтады, оның ішінде:
– жалпы салмағы 136 269 литр мұнай өнімдерін әкетудің 365 әрекеті анықталды;
– жалпы салмағы 946 913 кг қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының жекелеген түрлерін әкетуге 86 әрекет;
– жалпы салмағы 53 000 кг ағаш материалын әкетуге 3 әрекет;
– жалпы салмағы 198 130 кг көмірді әкетуге 13 әрекет;
– 2 ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге 1 әрекеті;
– жалпы салмағы 150 литр күнбағыс майын әкетудің 1 әрекеті;
– жалпы салмағы 150 кг полиэтилентерефталат қалдықтарын әкетудің 3 әрекеті.
2023 жылдың өткен кезеңінде қанша заң бұзушылар тоқтатылды?
2023 жылдың өткен кезеңінде ҚР аумағынан ЕАЭО елдеріне тыйым салынған тауарлардың 662 әкету әрекеті анықталды, оның ішінде:
– жалпы салмағы 69 006 литр мұнай өнімдерін әкетудің 612 әрекеті анықталды (Ақтөбе облысында 10 945 литрді 6 әкету әрекеті, Атырау облысында 162 литрді 1 әкету әрекеті, Батыс Қазақстан облысында 12 800 литрді 49 әкету әрекеті, Жамбыл облысында 28 144 литрді 169 әкету әрекеті, Қостанай облысында 9 606 литрді 201 әкету әрекеті, Шығыс Қазақстан облысында 3 294 литрді 123 әкету әрекеті, Абай облысында 1 185 литрді 30 әкету әрекеті, Солтүстік Қазақстан облысында 950 кг-ға 6 әкету әрекеті, Павлодар облысы 1 920 литрге 27 әкету әрекеті);
– жалпы салмағы 284 000 кг қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының жекелеген түрлерін әкетудің 23 әрекеті (Ақтөбе облысында 85 200 кг-ды әкетудің 6 әрекеті, Батыс Қазақстан облысында 48 600 кг-ды әкетудің 5 әрекеті, Қостанай облысында 127 000 кг-ды әкетудің 9 әрекеті, Солтүстік Қазақстан облысында 200 кг-ды әкетудің 1 әрекеті);
– жалпы салмағы 381 000 кг пиязды әкетудің 19 әкету әрекеті (Ақтөбе облысында 40 000 кг-ды әкетудің 2 әрекеті, Қостанай облысында 160 000 кг-ды әкетудің 8 әрекеті, Солтүстік Қазақстан облысында 97 000 кг-ды әкетудің 5 әрекеті, Павлодар облысында 84 000 кг-ды әкетудің 4 әрекеті);
– жалпы салмағы 43 000 кг көмір әкетудің 2 әрекеті (Қостанай облысында 43 000 кг-ды әкетудің 2 әрекеті);
– жалпы салмағы 93 000 кг бидай әкелудің 5 әрекеті (Ақтөбе облысында 40 000 кг-ды әкелудің 2 әрекеті, Қостанай облысында 33 000 кг әкелудің 2 әрекеті, Абай облысы бойынша 20 000 кг-ға әкелудің 1 әрекеті);
– жалпы салмағы 1 200 кг балықтың әкетудің 1әрекеті (Абай облысында 1200 кг әкетудің 1әрекеті).
Бұл фактілер салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауар тасымалдау туралы енгiзiлген тыйымдарды бұзу әрекеттерінің болғанын куәландырады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері осындай құқық бұзушылықтың алдын алуда.