Электрондық жер-кадастрлық карталарына өзгеріс енгізіледі – АШМ

Жарияланды

АШМ электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау тәртібіне өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері жөніндегі Заңды іске асыру шеңберінде АШМ электрондық жер-кадастрлық карталарды құру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың жобасын әзірленген.

«Жер-кадастрлық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда, топологиялық қателері бар жер-кадастрлық құжаттаманың негізінде ЖМБМК АЖ дерекқорына енгізілген координаттарға жер учаскелері шекараларының орналасқан жері сәйкес келмеген жағдайда түзетуге жол берілетіні көзделеді», делінген баспасөз хабарламасында.

Ал топологиялық қателерді  жою мүмкін болмаған кезде қиылысатын жер учаскелерінің шекаралары бойынша дауды шешу заңнамалық тәртіппен қаралмақ.

Өзгерістер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделмеген жер учаскелерінің шекараларының координаттары жоқ бөліктеріне енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз