Жаңалықтар

Елімізге ЕАЭО  аумағынан автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салынады

Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салынады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында хабарлады,

«Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 100119; 100199) алты ай мерзімге:

Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен;

лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің, құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына темір жол көлігімен бидай әкелуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен темір жол көлігімен бидай әкелуге тыйым салу енгізілсін»- делінген бұйрықта.

Құжат 4 қыркүйекке дейін жария талқылауға шығарылып отыр.