Новороссийск портындағы өрт қазақстандық мұнай тасымалына әсер еткен жоқ – КҚК

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Новороссийск портының жүк терминалында өрт шықты. Ағаш паллеттер тұтанып, салдарынан 1300 шаршы метр аумақыт өрт шарпыған, деп хабарлайды Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің Краснодар өлкесі бойынша бас басқармасының баспасөз қызметі.

«Сағат 09:11-де бірінші өрт сөндіру бөлімшелері келген жерге жеткенде 1300 шаршы метр аумақта өрт шыққаны анықталды», – делінген хабарламада.

Сөндіру жұмыстарына 42 құтқарушы және 14 техника жұмылдырылған. Мәскеу уақытымен 11:44-те өрт оқшауланған.

Өрт Каспий құбыр консорциумының жұмысына әсер етпеген. Бұл жайлы КҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл оқиға КҚК теңіз терминалы мен Новороссийск порты маңындағы Шесхарис мұнайды ауыстырып тиеу кешені арқылы жоспарланған қазақстандық мұнайды тасымалдауға әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта қазақстандық мұнайды КҚК Теңіз терминалы (Оңтүстік Озереевка елді мекені) және Новороссийск портындағы Шесхарис мұнай терминалы арқылы жөнелту тұрақты және жоспарлы режимдерде жүзеге асырылуда», делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз