Қазақстан 2023 жылы Өзбекстанға 180 мың тонна ресейлік мұнай тасымалдайды
Қазақстан бірінші жартыжылдықта Өзбекстанға 48,5 мың тонна ресейлік мұнай тасымалдады, жалпы 2023 жылға арналған тасымалдау жоспары 180 мың тоннаны құрайды.
Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау департаментінің директоры Абай Бейсембаев KASE-де өткен брифингте айтты.
«Биылғы бірінші жартыжылдықта 48,5 мың тонна көлемінде ресейлік мұнай тасымалданды. Биыл Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға 180 мың тоннаға жуық транзиті күтілуде», – деді Бейсембаев KASE-де.
Бұл ретте 180 мың тонна мұнай 2023 жылға арналған ресейлік мұнай транзитінің көлемі. Екінші жартыжылдықта Өзбекстанға 131,5 мың тонна ресейлік мұнай тасымалдау жоспарлануда.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Ресей мұнайын Өзбекстанға тасымалдау 2017 жылы іске қосылды. 2017 жылы транзит көлемі 67,9 мың тоннаны, 2018 жылы 36 мың тоннаны құрады.
2019-2022 жылдары Ресей мұнайының Қазақстан арқылы Өзбекстанға транзиті жүзеге асырылған жоқ. Еске сала кетсек, «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы. Компания «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді және ұзындығы 5,4 мың км болатын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне иелік етеді.