Қазақстан 2024 жылы «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға 1,2 миллион тонна мұнай жеткізбек

Жарияланды
Фото: ҚазТрансОйл


Қазақстан 2024 жылы «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға 1,2 миллион тонна мұнай тасымалдауды жоспарлап отырғаны белгілі болды.


«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (КПО) 2024 жылы «Дружба» мұнай құбыры арқылы 1,2 млн тонна мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр», – деді «ҚазТрансОйл» бас директорының орынбасары Әміржан Оспанов KASE-де өткен брифингте.


2024 жылға жүк жөнелтушілерден келіп түскен өтінімдерге сәйкес, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» 2024 жылы Адамова Застава бекеті бағыты бойынша 1,2 млн тонна тасымалдауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мұнай экспорттау бағыттарын әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында «Дружба» құбыры арқылы Германияға мұнай жеткізе бастады.Еске сала кетсек, Қазақстан 2023 жылдың тамыз айында «Дружба» мұнай құбыры арқылы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясының ресурстарымен Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізуді жоспарлаған болатын.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 3 тамыз бен 5 тамыз аралығында Үлкен Шаған мұнай айдау стансасынан 11,6 мың тонна мұнай алынды, қалғаны 6-29 тамыз аралығында қабылданады.

Шілде айының басындағы жағдай бойынша Қазақстан Германияға 290 мың тонна мұнай тасымалдады. 2023 жылға қазақстандық «ҚазТрансОйл» (ҚТО) компаниясына ресейлік «Транснефть» компаниясынан Германияға 1,2 миллион тонна шикізат айдауға квота берілген. Бірінші партия ақпан айында жөнелтілді.

Сондай-ақ оқыңыз