Ұлытау облысында мемқызметкерлерге баспана сатып алу үшін Үкімет 2,3 млрд теңге бөледі

Жарияланды
Фото: shutterstock; freepik

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметкерлерді баспанамен қамту үшін Үкімет резервінен 2,3 млрд теңге бөлінеді. Премьер министрдің қаулысы жария талқылауға шығарылды.

Құжатқа сәйкес, осы облысқа қоныс аударған мемлекеттік қызметкерлерді баспанамен қамту үшін, шұғыл шығындарға арналған үкімет резервінен қаражат бөлу көзделген.

«Қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерді қызметтік орналастыру үшін коммуналдық меншікке тұрғын үйді сатып алуға Ұлытау облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2 384 640 000 (екі миллиард үш жүз сексен төрт миллион алты жүз қырық мың) теңге сомасында», делінген құжатта.

Қаулының орындалу мерзімі 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейін.

Құжат ашық талқылауда 1 қыркүйекке дейін болады.

Сондай-ақ оқыңыз