АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея басшылары РФ қарсы санкция саясатын жалғастыруға уәде берді
АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея басшылары үшжақты саммиттің қорытындысы бойынша Украинаға көмек көрсетуді жалғастыруға, Ресейге қарсы санкция енгізуге келісті. Сонымен қатар, КХДР ядролық қарусыздану міндеттемесін растады.
«Біз Украинаға көмек көрсетуді жалғастыруға, Ресейге қарсы келісілген, қатаң санкция енгізуге және Ресей энергетикасына тәуелділіктің төмендеуін тездетуге міндеттенеміз», – делінген Вашингтонда Джо Байден, Фумио Кисида және Юн Сок Ёль келіссөздерінің қорытындысы бойынша таратылған құжатта.
Онда үш ел «КХДР-ны ядролық және баллистикалық бағдарламалардан бас тартуға шақырады», «КХДР-нан төнетін қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін зымыранға қарсы қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге»міндеттеме білдіретіні атап өтілген.
Сондай-ақ, мемлекет басшылары қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге келісті.