Ерлан Қошанов: «Арселор Миттал Теміртау» компанияның Қазақстан нарығында қалу-қалмауына қатысты тиісті шешім жақын арада қабылданады

Жарияланды

Ерлан Қошанов «Қазақстан» шахтасындағы болған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол facebook парақшасында хабарлады.

««Казахстанская» шахтасындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиға бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Бұл – үлкен қасірет.

​Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендер тезірек сауығып кетуін тілеймін»-деді ол.

​»Мемлекет басшысы бұл оқиғаға өз бағасын берді. Қайталанып жатқан мұндай жазатайым оқиғалар мен адам өлімі «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының жұмысшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ете алмай отырғанын көрсетті. Бұған не себеп болғанын – немқұрайлылық немесе қасақана әрекеттер ме, оны тергеу көрсетеді. Президент Үкіметке және Қарағанды ​​облысының әкімдігіне тиісті тапсырмалар берді. Премьер-министр оқиға орнына барды. Осы өңірден сайланған Мәжіліс депутаттары да Шахтинскіде жүр.

​Арселор Миттал Теміртау басшылығымен талай рет жоғары деңгейде кездесулер өткізіліп, онда өндіріс қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген еді. Алайда кейінгі жағдай тиісті қорытынды жасалмағанын көрсетіп отыр. Бұл шетелдік компанияның Қазақстан нарығында қалу-қалмауына қатысты тиісті шешім жақын арада қабылданады деп ойлаймын»-делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, осыған дейін «АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы да апат: конвейер таспасынан өрт шығып, жүзден аса адам қауіпті аймақта қалды деп хабарладық.

Сонымен қатар, Смайылов АрселорМиттал Теміртау-ға жүргізіліп жатқан аудиттерді жедел аяқтауды талап етті.

Тәуелсіздік жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталарында 160-қа тарта кенші қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыз