Жаңалықтар

5 кенші көз жұмған апаттан кейін, «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы 20 тамызды қаралы күн деп жариялады

20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында қаралы күні болып жарияланды / Фото: shutterstock

20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Владимир Яблонский қаза болған әріптес-кеншілердің отбасылары, туған-туыстары мен жақындарына ұжым атынан көңіл айтып, 20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да қаралы күн болып жарияланғанын мәлім етті.

«Бұл қаза отбасылар үшін, бәріміз үшін ауыр қайғы.

Орны толмас қазаның қасіретін бөлісе отырып, қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерлерге жан-жақты күтім мен оңалту бойынша көмек көрсетіледі.

Компания апаттың себептерін анықтап, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алуға бар күшін салады.

20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау»-да қаралы күн болып жарияланды»-деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Владимир Яблонский.

Естеріңізге саламыз, компанияға қарасты «Қазақстан» кенішінде шыққан өрт салдарынан 5 кенші опат болған еді.

Адам өліміне әкеліп соққан компаниядағы кезекті апаттан кейін ел билігі «Арселор Миттал Теміртау» компанияның Қазақстан нарығында қалу-қалмауына қатысты тиісті шешімді жақын арада қабылдайтынын мәлім етті.