Әр қолданушыға керек телеграм-боттар

Жарияланды

Телеграм-бот — адам өмірін жеңілдететін құрал. Ол алдын-ала бекітілген тапсырмаларды қолданушының қатысынсыз істей береді. Чатта адам не істей алатын болса, соның барлығын орындауға қауқарлы. Бастысы, оған сол командаларды үйретіп қойсаңыз болғаны. Айталық, сұрақтарға автомат жауап беру, сайттарға сілтеме жіберу, мемдер жасау және т.б. Яғни мәтін түріндегі хабарламалар, суреттер, файлдар, видеоларды жіберіп отыра алады. Телеграмды пайдаланатындарға қажет болатын боттардың топтамасын назарыңызға ұсынамыз.

Ботттар не істей алады?

  • Каналда баптауға болатын іс-әрекеттерді орындайды. Мысалы қолданушылардың сұрақтарына жауап беріп, тауар сатып, оның төлемін қабылдай алады. Телеграмға арналған боттар клиент жинап, оларды CRM-ге, билеттер сату жүйесіне немесе хат алмасуға арналған платформаға жолдап отыруды біледі.  
  • Бір уақытта бірнеше команданы атқара алады. Боттардың ең басты функцияларының бірі — қолданушыдан ақпаратты біртіндеп ала отырып, іс-әрекеттер тізбегін құру. Мысалы ботқа /start деген команда берілсе, ол таңдауға болатын бірнеше батырманы шығарып береді. Соның ішінен әркім өзіне керегін таңдап, әрмен қарай жұмысын жалғастырады.
  • JavaScript тілінде жазылған уеб-қолданбаларды орналастыра алады. Осы арқылы интернет-дүкендерден бастап ойындарға дейін қолдайтын интерфейстер жасауға мүмкіндік туады.
  • Басқа сервистермен интеграция жасай алады. Айталық, қолданушылар GIF-анимацияларды кірістірілген режимде жылдам іздей алатындай етіп баптауға болады. Егер сондай кірістірілген сұраныстар қосылған болса, қолданушылар боттың атауы мен өз сұранысын мәтін жазатын жерге жазып, қажет гифті ала алады.  

Телеграмдағы ТОП-боттар

@AudioBot — VK желісіндегі сүйікті әндеріңізді жүктеп алып, офлайн тыңдауға мүмкіндік береді. Плейлистегі әндер кэшке сақталады да, оны интернет жоқ жерде де қоса аласыз.

@Admaker — посттардың шығатын уақытын реттеп қоюға көмектеседі. Каналдарды монетизациялағысы келетіндерге ақылы сервисіне жазылуға болады.

@andyrobot — ағылшын тілін үйренгісі келетіндерге арналған бот.

@AviaSalesOfficialBot — әуе билеттері мен қонақ үйлерін іздеп, тауып береді.

@baslaybot — пост жариялауға көмектесетін бот. Альбомдардың ретін өңдеп, фото мен видеоға уотермарк қойып береді.

@bebot — фоторедактор. Фото өңдеуге көмектеседі.

@cryptobitbot — криптоботтың көмегімен Bitcoin, Litecoin, Ethereum және өзге де криптовалюталардың бағасын бақылауға болады.

@delorean_bot — еске-салғыш бот. Күні мен уақытын көрсетіп бір шаруа тапсырсаңыз, сол уақытта алдын-ала еске салады.

@driveitbot — 20 МБ-тан аспайтын салмағы бар жеңіл файлдарды Google Дискке жылдам жүктеп береді.

@eknigabot — кітаптарды жүктеп алмай-ақ оқуға мүмкіндік береді. Тоқтаған жерді белгілеп қояды.

@EgovKzBot2.0 – EGov сервисімен интеграция жасалған бот. Анықтамалар алуға, ХҚКО-дан орын брондауға мүмкіндік береді.

@ENPFbot — БЖЗҚ боты. Жаңалықтар, жақын бөлімше, сұрақ-жауап, оператормен байланыс орнатуға болады.  

@filebot — құжаттарды сақтап, басқа қолданушыларға тез жіберуге көмектеседі.

@FlashTown — мем, анекдот, комикс, цитаталар мен гифтер жібереді.

@foxford_bot — бағдарламалау тілдеріне қатысты лекциялар жиынтығы, видео-нұсқаулықтар бар.

@freebooksbot — желіден өзіңізге керек электрон кітапты тауып, қалаған форматта құрылғыңызға жүктеп береді.

@filesbot — қолданушылар арасында файл жіберуге арналған бот.

@flibustafreebookbot — кітаптарды іздеп, жылдам жүктеп алуға көмектеседі.

@GetYoutubeMp3Bot — бот YouTube-тан сапалы видео мен музыкаларды жүктеп алуға, сонымен қатар керек жерін кесіп алуға мүмкіндік береді. 

@getlikersbot — байқау ұйымдастырсаңыз, постқа лайк басқандар ішінен жеңімпаз таңдап береді.

@getmusicbot — меломандарға арналған бот.

@gozilla_bot — әлеуметтік желілер мен онлайн-сервистерден видео не аудионы алып, бірден чатқа жіберіп отырады.

@gif —  gif-анимациялар тауып беретін бот.

@izibot — VK, Instagram, FB мен YouTube-тан видеолар жүктейді.

@ImageSearchBot — фотосуреттер іздесеңіз, осы ботты қолдансаңыз болады.

@instasave_bot — Instagram-нан кез келген суретті жүктеп береді.

@InMindBot — ағылшынша жаңа сөздер үйренуге көмектеседі. Өзіңіздің деңгейіңізді таңдай аласыз.

@IGSpyBot — инстаграмға салған стористеріңізді сақтап алып, сонымен бірге басқалардыкін аноним қарауға мүмкіндік береді.

@InstaBot — посттың сілтемесін жіберсеңіз, бот сізге оның фото/видео/мәтінін алып береді.

@kinomanbot — қандай фильм қарарыңызды білмей отырсаңыз, осы бот көмектеседі.

@kursator_bot — валюта бағамын айтып, бір валютадан екіншісіне конверсация жасап береді.

@LivegramBot — кері байланыс беріп отыратын боттар жасайтын конструктор.

@LoveWallBot — жұмыс үстеліңіздің фонына сурет таңдауға көмектеседі. Басты ерекшелігі сол — смартфон не компьютеріңіздің экранын есепке алады. Қиылып қалады деп уайымдамайсыз.

@lostfilmupdatesbot — кино-бот. Сүйікті сериалдарыңыздың жаңа сериясы шықса, сізге бірден хабарлама жіберіп отырады. Бұл — LostFilm сайтына тиесілі сервис.

@like — контентіңізге эмодзи-реакциялар қосуға мүмкіндік береді.  @MyTeleCloudBot — қойма-бот. Құрылғыңызда бос орын азайса, онда файлдарды жеке қоймаңызда сақтасаңыз болады.

@Nemilin_bot — донат қабылдауға арналған бот. Мұнда барлық процесс автоматтандырылған. Бар болғаны түскен табысты есептеп отырасыз.

@OfficeGymBot — жаттығу жасау керегін еске салып, пайдалы жаттығуларды жіберіп отырады. Әсіресе, күні бойы компьютер алдында отыратындарға пайдалы болады.

@osmbot — қолданушы іздеген объектілерді тауып қана қоймай, олар туралы негізгі ақпаратты қоса береді.

@ProxyBot — құпия чаттар жасауға көмектеседі. Оны басқа әкімшілермен байланысу үшін қолдануға болады.

@pomodoro_timer_bot — танымал помодоро тәсілі бойынша өнімділік таймерін қосуға мүмкіндік береді. Мысалы 25 минут жұмыс істейсіз де, 5 минут тынығып аласыз. 15 минутқа да қоюға болады.

@splittybot — шығындарыңызды басқаруға көмектесетін бот.

@SearcheeBot — қалаған бағыттағы каналдарды іздеуге көмектеседі.

@SaveAsBot —  Instagram мен TikTok-тағы контентті көшіріп береді.

@stickers — стикер іздеуге арналған бот.

@swatcher_bot — сериалдардың жаңа сериясы шыққаны туралы ақпарат беріп отырады.

@tg_analytics_bot — телеграм арнаның статистикасы мен графикасын бақылап отыруға мүмкіндік беретін бот.

@telepostbot — жарияламай тұрып постқа бір қарап шығуға, бір жазбаны жоғарыға бекітіп қоюға, реакциялар бойынша статистика қарауға болады. Одан бөлек те мүмкіндіктері бар.

@telemetrmebot — каналдағы оқырмандар туралы ақпараттарды қарауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Instagram stories-тегі жарнама мен тизерлердің санын, басқа каналдардың сізді белгілегенін айтып отырады.

@topdf_bot — doc, odt, txt, docx немесе jpg файлдарды PDF форматқа ауыстырып береді.

@text4instabot — пост салғанда мәтініңіздің аралығы, бос орындары дұрыс тұруына көмектеседі.

@temp_mail_bot — он минуттық, уақытша пошта жәшігін жасауға мүмкіндік береді. Бар болғаны NEW addres деп жазып жіберсеңіз, бот демде сізге логин, құпиясөз бен келген хаттарды қарауға арналған сілтемені жібереді. 

@the_chef_bot — тамақ істеген кезде қажетіңізді осы боттан сұрай аласыз.

@TGStat_Bot — каналыңыз туралы ақпарат жіберіп тұрады. 

@TextagramBot — stories-ке арналған ерекше мәтіндер дайындайды, посттарды әдемілеп береді. 

@TeleDonate — оқырмандарыңыздан донат жинап, ақшаны шотыңызға түсіруге көмектеседі.

@TokenTikbot —  TikTok -тан видео не әнді уотермарксыз жүктеп алуға мүмкіндік береді.

@transferRobot — кез келген файлды клаудқа жіберіп, керек кезде тауып алуға болатын сілтемені жібереді. Сол арқылы құрылғыңызға кейінірек қайта жүктеп алсаңыз болады.

@tube2gif_bot — YouTube-тағы видеоны гифке айналдырып береді.

@UtmGeneratorBot — каналдың трафигін бақылап отырады.

@VipSub — ақылым жазылым жасағыңыз келсе, автомат төлем қабылдайтындай қылып істеп береді.

@wmarkbot — суреттерге уотермарк қояды.

Сондай-ақ оқыңыз