Жаңалықтар

Джо Байден Орталық Азия елдері басшыларын АҚШ-та жинамақшы

АҚШ президенті Джо Байден Орталық Азия елдері басшыларын АҚШ-тағы саммитке шақырды. Бұл туралы Орда кз сайты хабарлады.

АҚШ президенті қыркүйектің екінші жартысында бірлескен жұмысты жалғастырып,  ортақ мақсаттарды талқылаудан үмітті.

«Мен БҰҰ Бас Ассамблеясының алдағы сессиясын асыға күтемін, онда біз халықтарымыздың өміріндегі ең маңызды мәселелер бойынша прогреске қол жеткіземіз»- деп жазды Байден шақыру хатына.

Айта кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Орталық Азия елдері мен АҚШ (СА5+1) басшылары саммиті жоспарланған, онда АҚШ-пен қатар Қазақстан, Қырғызстан , Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан қатысады.