Электр энергиясын беру бойынша барлық шектеулер алынып тасталды-Маңғыстау облысының әкімдігі
Маңғыстау облысында МАЭК-тің жылу электр станциясындағы №3 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Маңғыстау әкімдігә электр энергиясын шектеп беру режимі алынып тасталғанын мәлімдеді.
«МАЭК ЖЭС №3 энергия блогында жөндеу жұмыстары аяқталды, ол 19 тамызда іске қосылды. Сағат 12:00 — дегі жағдай бойынша мұнай және өнеркәсіп секторын қоса алғанда, электр энергиясын беру бойынша барлық шектеулер алынып тасталды», – деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
Жұмыс барысында Байланыс сақиналары мен генератор роторының оқшаулағыш жеңі жөнделді.
Айта кетейік, МАЭК-тегі апат: Маңғыстауда электр қуаты уақытша өшірілетіні туралы халыққа бір күн бұрын ескертіледі деп хабарладық.
Маңғыстау облысында электр энергиясының шектелуі өндірілетін мұнай көлеміне әсер етті – Энергетика министрлігі.Батыста электр энергиясының шектелуіне байланысты мұнай өндіру көлемі азайды.