Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді.Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
 
Мемлекет басшысын Ханойдың «Ной Бай» әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.
 
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/08/img_2438.mp4

Айта кетейік, осыған дейін Президент ресми сапармен Вьетнамға барады деп хабарладық.