Семей қаласында жылу құбырларының 68%-ы тозып тұр
Семей қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Бүгінде шаһардағы жылу құбырларының 68% тозған Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Семейдегі ең өзекті мәселелердің бірі – жылу желісінің ескіргендігі. Биыл 45 шақырым жылу желісіне жөндеу жұмыстарын қолға алдық. 9 учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылыту маусымына дайындық бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда», – деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов
Өткен жылы қаладағы жылу құбырларында бірнеше рет апат болған еді. Жоспар бойынша биылғы жөндеу жұмыстары нәтижесінде жылу желілеріндегі апаттар 15 пайызға азаяды.
«Қазіргі кезде 60 пайыздан астам жұмыс аяқталды. Материалдардың барлығы жеткізілді. Атқарылып жатқан жұмыстар әкімдік бақылауында. Қаражат республикалық және резервтік бюджеттен бөлінген», – деді Н.Нұрсағатов
Әкімнің айтуынша, жылыту маусымының басына қарай «Ғаббасов» және «Центр» қазандықтарын қайта жаңғырту аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда екі қазандықта жұмыстың 80% орындалды.
Айта кетейік, ШҚО-да Риддер қаласындағы жылу электр орталығында үш қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын деп хабарладық,