Әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың коммуналдық қызмет ақысын төлеуге Алматы әкімдігі 3,3 млрд теңге бөлді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Биыл тарифтердің көтерілуіне байланысты Алматы қаласының ХӘОТ санатындағы топтарының коммуналдың қызметін өтеуге 3,3 млрд теңге бөлінген. Бұл жайлы қала басшысы Ерболат Досаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп бергенде айтты.

Биліктің ХӘОТ санатындағы топтары үшін тарифтердің өсуін өтеу тетігін қарастырғанын атап өтіп, 2023 жылдың соңына дейін 315 мың алматылықтар коммуналдық қызметтер құнының 100%-ға жуық өсімін жабатын төлем ала алатынын айтты. Бұл мақсаттарға бюджетке 3,3 млрд теңге салынған.

Жалпы ТКШ қызметтеріне тарифтердің өсуі коммуналдық желілердің тозуын жыл сайын 2%-ға дейін төмендетуді қамтамасыз етпек.

«Біз жыл сайын жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 1,7-2% –ға (2027 жылы 49% – ға дейін), сумен жабдықтау желілерінің тозуын 1,6% – ға (49%-ға дейін) және электрмен жабдықтау желілерінің тозуын 1,2% – ға (59% – ға дейін) төмендетуге ниеттіміз», деді шаһар басшысы.

Жалпы қаланың коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту алматылықтардың жайлы өмірін қамтамасыз етуге бағытталған. Өйткені инженерлік инфрақұрылымның тозуы салдарынан ТКШ-да апаттар жиі болып, жиі келеңсіз жағдайдар туындауы мүмкін. Сол себепті коммуналдық қызметтер құнының шамалы өзгеруі есебінен «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы қосылды. Ол бағдарлама коммуникацияларды жөндеу және ауыстыру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізу үшін қаржыландыруды ұлғайтуды көздейді.

Алматыда халықтың әлеуметтік осал тобы (ХӘОТ) санатындағы адамдар үшін коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек қарастырылатыны айтылды. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасына сәйкес жаңа тарифтік саясатқа көшу кезінде халықтың аз қамтылған топ мүддесі ескерілетінін айтты.

Бұл көмек ​Коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты өтемақы ХӘОТ өтініші бойынша 2023 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін ай сайын 0,5 АЕК (1725 теңге) мөлшерінде төленеді. Бұл сома сумен жабдықтау, су бұру, газ, жылыту және т.б. қосқанда, 12 қызмет бойынша тарифтердің өсуіне қатысты беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз