Чинарев мұнай кен орнын бұрғылау қайта басталады, бағдарлама құны 26 млн доллар
«Nostrum Oil & Gas PLC компаниясы Батыс Қазақстан облысындағы Чинарев кен орнын бұрғылау бағдарламасын бекітті. Бұл туралы компанияның Лондон қор биржасында жариялаған құжатында айтылған.
«Каспий маңы бассейнінде мұнай мен газды барлау, әзірлеу және өндірумен айналысатын «Nostrum Oil & Gas PLC компаниясы, директорлар кеңесі Чинарев кен орнында шектеуді көлемде бұрғылау бағдарламасын бекіткенін хабарлайды», делінген құжатта.
Ақпаратқа сәйкес, компания бұл кен орнын 2020 жылдың басында бұрғылауды тоқтатқан. Ол кезде компанияның қаржылық қайта құрылымдау процессіне әкелген жағдай туған, алайда компания кен орнын одан әрі барлау мүмкіндіктерін бағалай отырып, жұмысты тоқтатпаған.
«Жүргізілген 3D сейсмобарлау деректерін қайта өңдеу және геологиялық моделдеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 2023-2024 жж екі бұрғымен бұрғылау бойынша шектеулі бағдарлама әзірлеуге мүмкіндік туыпты. Бұл кен орны бойынша өнімді бөлісу жөніндегі міндеттемелер мен кен орнын салу жоспарын талдау аясындағы еншілес компания – «Жайымұнай» ЖШС алдындағы міндеттемелерге сай келеді», делінген компания хабарламасында.
«Nostrum Oil & Gas PLC шығындарды азайту мақсатында бұрын орнатылған бұрғыларды қолданатын болады. Дегенмен бағдарламаның белгілі бір деңгейде «белгісіздік пен тәуекелі бар, өйткені жоспарланған жер қойнауы нысандары бірнеше барлау мақсатынан, бағалау мен өңдеуден» тұрады.
Nostrum Oil & Gas Plc – мұнай мен газ өндірумен және Каспий маңы ойпатындағы мұнайгаз кен орындарын барлау және өңдеумен айналысатын тәуелсіз мұнайгаз компаниясы. Қазақстандық «Жайықмұнай» ЖШС – осы компанияның еншілес ұйымы.
«Жайықмұнай» ЖШС мұнай мен газ конденсатын барлау, өндіру және сатумен айналысатын мұнайгаз кәсіпорны. Компанияның өңдеу жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар Чинарев кен орны мұнайға бай Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Ол Қазақстанның Ресей шекарасына жақын аймақта.
Nostrum Oil & Gas PlС меншігіндегі — Чинарев кен орнын өңдеу туралы келісімге 1997 дылы Өнімді бөлу туралы мәміле аясында қол қойылған. Ал, бұл учаскеге берілген лицензия мерзімі 2031 жылы аяқталады. 2024 – 2021жж аралығында ӨБК аясында 103 бұрғы бұрғыланған.