Meta Тhreads әлеуметтік желісінің веб-нұсқасын іске қосады
Америкалық Meta осы аптаның басында Threads әлеуметтік желісінің веб-нұсқасын іске қосуды жоспарлап отыр, деп жазады Интерфакс The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
Қосымшаның дербес компьютерлік нұсқасы шілдеде іске қосылған және X платформасымен бәсекелесетін Threads-ке осы мәселеге қатысты көп сұраныс түскен. Сонымен қатар, бұл нұсаны қосу бұл қосымша қызметіндегі үлкен өзгеріс болмақ.
Threads қолданбасы негізінен смартфон пайдаланушыларына арналған. Жалпы браузер арқылы әлеуметтік желідегі жеке жазбаларды көруге болады, бірақ ондағы мүмкіндіктер шектеулі болған.
Instagram платформасының басшысы Адам Моссери Threads веб-нұсқасы қазірдің өзінде Meta-да ішкі тестілеуден өтіп жатқанын және жақын арада іске қосылатынын жұма күні өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.
«Әзірше оның жұмысында ақаулықтар бар, сол себепті тосуларыңызды сұраймын. Дайын болғанда біз оны барлығыңызға көрсетеміз», деп жазған ол.
WSJ дереккөздерінің хабарлауынша, іске қосу уақыты әлі нақтыланбаған және өзгеріп қалуы мүмкін. Әлеуметтік медиа сарапшыларының пікірінше Threads-тің веб-нұсқасы қосымшаның интернетте дамуы үшін қажет.
«Treads-тің веб-нұсқасы Метаның X-ке қарсы күресінде үлкен көмек бермек. Бұл компанияға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. және функционалдылық, деректерді жинау мүмкіндіктерін дамыту», дейді Іnstagram-ның жаһандық бренд-маркетингіне жауапты Сэм Салиба.
Threads-ті бес күнде 100 миллион адам жүктеп, рекордтық көрсеткішке жетті. Бірақ соңғы апталарда пайдаланушылардың белсенділігі төмендеген. Көптеген пайдаланушылар маңызды функциялардың жоқтығын атап өткен.
SimilarWeb мәліметтері бойынша, Threads іске қосылғаннан кейін бір айдан астам уақыт ішінде оны пайдалану уақыты шамамен 85%-ға қысқарған. Күнделікті белсенді пайдаланушылар саны (DAU) платформа іске қосылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң шарықтау шыңына жетіп, шамамен 50 миллионға дейін жеткен. Бірақ қазір күнделіктің пайдалануышлар саны 10 миллионнан да аз.
2022 жылдың шілдесінде Twitter DAU көрсеткіштері бойынша есеп жариялап онда 237,8 миллион түтынушы туралы хабарлаған. Алайда содан кейін компания есеп жарияламаған.
Еске сала кетсек, Twitter заңгері Алекс Спиро Meta бас директоры Марк Цукербергке ресми хат жолдап, онда «Threads желісін құру кезінде Twitter-дің коммерциялық құпиялары мен басқа да зияткерлік меншігін жүйелі түрде және қаскүнемдікпен заңсыз иемденді», деп айыптады.
Threads микроблогы 30 тілде ұсынылады, арасында орыс тілі де бар. Бұл қосымшада қолданушылар Instagram-дағы есептік жазбаларын және есімін пайдалана алады. Twitter-дегі секілді мұнда да мәтін хабарламасын жазып, өзгелердің жазбасына реакция білдіріп, пікір қалдырып, бөлісуге мүмкіндік бар.