Квазимемлекеттік сектордағы компаниялар валюталық түсімнің 30%-ын міндетті сату талабынан уақытша босатылды
Жарияланды
Квазимемлекеттік сектордағы компаниялар 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін валюталық түсімнің 30 пайызын сату талабынан босатылды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
Ел үкіметі валюта нарығының теңгерімділігін ескере отырып және квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың валюта ағынын басқару кезіндегі мүмкіндіктерін кеңейту үшін осындай шешім шығарған.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бұл шараны алғаш рет 2020 жылы сыртқы жағдайлардың нашарлауына байланысты қолданған еді.
2023 жылдың ақпан айында міндетті сату нормасы 75%-дан 50%-ға дейін, ал 2023 жылғы шілдеден 50%-дан 30%-ға дейін төмендетілген.
Айта кетейік, шілде айында квазимемлекеттік сектор субъектілері шамамен 195 млн АҚШ долларына тең валюталық түсім сатқан.