Өткен аптада KASE Global секторында Apple акциялары 1,6 млрд теңгеге сатылған

Жарияланды

Өткен аптада KASE Global секторындағы сауда-саттық көлемі 1 872,6 млн теңгені ($4 147,6 мың) құраған. Сауда-саттық барысында 26 компанияның 27 463 акциясымен 1 040 мәміле және жалпы сомасы 28,6 млн теңгеге сегіз қордың 2 761 ETF-мен 34 мәміле жасалған.

Соның ішінде Apple Inc., PayPal Holdings Inc., Tesla Inc. компанияларының бағалы қағаздары көп сатылған. Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, Apple Inc, акцияларымен жалпы сомасы 1 651,2 млн теңгеге 102 мәміле, ал PayPal Holdings Inc, бағалы қағаздарымен жалпы сомасы 39,3 млн теңгеге 101 мәміле жасалған. Ал Teslaға жалпы құны 36,7 млн теңге болатын 103 мәміле тиесілі.

Инвесторлардың негізгі санаты арасында брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі басым – 47,7 %. Ал өзге заңды тұлғалардың үлес-салмағы 43,8 % болса, жеке тұлғаларға сауда-саттықтың 8,6 % тиесілі.

Қазіргі уақытта KASE Global секторына 52 шетелдік эмитенттің 58 бағалы қағазы, оның ішінде 44 атаудағы акциялар және 14 шетелдік эмитенттің ETF-і енгізілген.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында «KASE Global» секторында жалпы сомасы 9,1 млрд теңгеге мәміле жасалған. Бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 49,5 %-ға немесе 9,0 млрд теңгеге төмен.

Сондай-ақ оқыңыз