Қазақстанда 2022 жылы дүниеге келген әрбір екінші бала отбасының үшінші перзенті
Қазақстанда 2022 жылы дүниеге келген әрбір екінші бала анасының үшінші перзенті екен. Бұл жайлы @DataHub телеграм арнасы жазды.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша өткен жылы республикада 403,9 мың бала дүниеге келген. Ал оның 85,8 мыңы отбасындағы үшінші бала болса, тағы 117,8 мыңы кем дегенде төртінші, ал мың бала отбасындағы сегізінші бала боп дүниеге келген. Барлық үшінші туғандардың саны – 203,6 мың немесе туғандардың жалпы санының 50,4% пайызын құрайды.
Салыстыру үшін: 2018 жылы отбасында үшінші боп туған балалардың үлесі 42,6% құраған. Яғни, 4 жылдағы өсім өте маңызды болып шыққан.
Ал 2022 жылы отбасының тұңғышы болып дүниеге келгендер саны 100,1 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылы жалпы туылғандардың 29,3%-ын құраса, биыл 24,8%-ын құрайды.
Алғаш босанған аналардың орташа жасы 26,8 жасты құраған. Ал жалпы босанатын әйелдердің орташа жасы 29,5 жасты құрайды.