Жаһандық туризмнің кірісі 2033 жылға қарай 15,5 трлн долларға дейін жетеді

Жарияланды

Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің болжамы бойынша, әлемдік туристік саланың көлемі 2033 жылға қарай 2019 жылмен салыстырғанда 50% – ға, яғни 15,5 трлн доллларға дейін өседі. Ал бұл жаһандық экономиканың шамамен 11,6% -ын құрайды. Бұл туралы Іnterfax.ru сайты хабарлады.

2022 жылы Саяхат пен туризмнен ең көп табыс табатын бес ел (олардың ЖІӨ – ге қатысты)- АҚШ, Қытай, Германия, Жапония және Ұлыбритания. Ал үздік ондыққа -Франция, Мексика, Италия, Үндістан және Испания кіреді.

«Әлемдік туристік салада 2023 жылдың соңына дейін 430 миллион адам жұмысқа орналасады деп күтілуде. Ал 2019 жылы 334 миллион адам жұмысқа тұрды»- дейді Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің сарапшылары,

Бұл әлемдегі барлық жұмыс орындарының шамамен тоғыздан бірі. Туризм саласы әлемдік экономикаға қарағанда тезірек өседі деп күтілуде.

Ұйымның сарапшылары сонымен қатар Қытайдағы турсектор АҚШ-пен салыстырғанда озық қарқынмен өседі деп санайды. Соның арқасында 2033 жылға қарай Қытайдағы туризм саласы кіріс көлемі бойынша американдықтарды айналып өтеді. Қытай туризмі он жылдан кейін $4 трлн және ел экономикасының 14,1% құрайды, ал АҚШ-та сәйкесінше $3 трлн және 10,1% болады деп болжайды сарапшылар.

Сарапшылар Болгария немесе Словения сияқты елдерге де сұраныстын артқанын атап өтті.

«Саяхатшылар шытырман оқиғаларға бейім. Олар жаңа жерлерді көргісі келеді»- деді Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің басшысы Джулия Симпсон.

Сондай-ақ оқыңыз