Алматы әкімдігі құрылысты уақытында бітірмеген мердігер компанияны сотқа берді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Алматы әкімдігі №48 мектеп-лицей ғимаратын реконструкциялау мерзімін бұзған мердігер ұйымды сотқа берді. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин бюджет қаржысына салынатын проблемалық құрылыс және реконструкциялау нысандарын аралап көрді. №48 мектеп-лицей ғимаратын 2021 жылдың шілдесінде басталған қайта жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысты.

Құрылыстың нормативтік мерзімі – 10 ай. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты 2022 жылы жобалау-сметалық құжаттамаға түзету енгізілген. Жұмыстың аяқталу мерзімі 2023 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылды. «Риголит» ЖШС мердігер ұйымына қатысты міндеттемелердің сапасыз орындалуына байланысты сотқа талап арыз берілді. Қазір сот процесі жүріп жатыр.

Бүгінде нысан 99% дайын. Оқу жылының басында нысанды пайдалануға беру көзделіп отыр

Сондай-ақ оқыңыз