Жаңалықтар

Биыл 7 мың ресейлік Қазақстанда тұруға ықтиярхат алған

2022 жылы Қазақстанда тұруға ықтиярхат алған адамдардың саны 17,4 мың адамды құраса, шетелге 24,1 мың адам көшіп кеткен. Ал жыл басынан бері тұрақты тұруға көшкен 13,6 мың адамның ішінде Ресейден 6858 адам келген. Бұл деректі Ұлттық статистика бюросы келтіреді.

Ал елден 7 мыңға жуық азамат көшіп кеткен.

2018 жылмен салыстырсақ, көрсеткіштер айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Сол кезде шетелден 12,7 мың адам келсе, сыртқа 41,8 мың адам кеткен.

Негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында болған. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 89,1% болса, осы елдерге кеткендердің үлесі 75,4% құрады.

Рсейден кейін Өзбекстан (3200) мен Түрікменстаннан (671) көшіп келгендердің қатары көп. Биыл басқа елдерден 1,4 мың адам келсе, 1,7 мың адам шетелге кеткен. Мұнда негізінен Моңғолиядан (275), Қытайдан (265) және Түркиядан (163) көшіп келгендер бар.

Еске салайық, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны – 19 899 377 адам.