«Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы талқыланып жатыр.
Құжатқа сәйкес атаулы көмекті енгізу кезінде тарифтердің саралануын бірқалыпты жою үшін тек тұрмыстық тұтынушыларды анықтау ұсынылған. Яғни тұрмыстық тұтынушылар үшін жеңілдікті бағаларды ұсынуға бағытталған түзетулер енгізілмек.
«Атаулы қолдау алушылардың тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі үшін электр энергиясын сатуға бірыңғай сатып алушының алдағы тәуліктің нақты сағатына арналған болжамды бағасы осы субъект үшін осы сағатқа көрсетілген электр энергиясын сатып алу бағасына теңестіріледі», делінген құжатта.
Тарифтерді кезең-кезеңімен өзгерту мүмкіндігін жүзеге асыру мақсатында тарифтерді саралау арқылы тұрмыстық тұтынушыларға атаулы қолдау жүзеге асырылмақ.
Сонымен бірге, құжатта шартты тұтынушы – электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы субъектісі үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының алдағы тәуліктің нақты сағатына электр энергиясын сатуға арналған болжамды бағасы (осы субъектіні сатып алу өтінімінде тәуліктің осы сағатына көрсетілетін электр энергиясын сатып алудың рұқсат етілген ең аз сағаттық көлемі бөлігінде) есеп айырысу кезеңіне арналған (күнтізбелік ай) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған осы қосымшаның 4-тармағына сәйкес айқындалатын осы сағат жататын сандық тарифтің болжамды мәніне теңестірілетіні айтылған.
«Жүйелік оператор Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінен (бұдан әрі – ҚР БЭЖ) оқшауланған жұмыс салдарынан электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан ұлттық электр желісінің технологиялық және өндірістік мұқтаждарына электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырудың техникалық мүмкіндігі болмаған кезде электр энергиясын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден тікелей шетелдік өндірушіден сатып алады», делінген құжатта.
Сондай-ақ электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған ұзақ мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату шарты бар барлық жаңартылатын көздер электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана сатуды жүзеге асыруға міндетті.
Сонымен бірге бұйрықта делдалдарды алып тастау үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тікелей шетелдік өндірушіден сатып алуы керектігі айnылған.