Еуроодақ Украинаға 1,5 млрд еуроға кезекті көмек траншын бөлді
Жарияланды

Еуроодақ Украинаға 1,5 миллиард еуроға макроқаржылық көмектің кезекті траншын бөлді. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында хабарлады.
Ол Украинаға көрсетілетін көмек 2023 жылы да, келес жылы да көрсетілетінің атап өтті.
«Біз Украинаның мемлекеттің жұмысын қалпына келтіру және қолдау үшін көмек береміз», — деп жазды ол.
Бұл транш-Еуроодақ тарапынан Украинаға ай сайын бөлінетін көмектің бір бөлігі. Украина ай сайын осындай соманы АҚШ-тан алады.