Жаңалықтар

Мысырда жаңа мұнай кен орны табылды

Суэц шығанағында жаңа мұнай кен орны табылды, деп хабарлады Мысырдың Мұнай және табиғи ресурстар министрлігі.

«Cheiron Суэц шығанағындағы батыс Гейсум-Тахуила концессиялық аймағында жаңа кен орнының ашылғанын хабарлады», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңадан табылған кен орнында мұнай өндірісі тәулігіне 2,5 мың баррельді құрайды. Бұл осы ауданда табылған төртінші ұңғыма, қазірдің өзінде жалпы өндіріс тәулігіне 23 мың баррельге жеткен.

«Жейсум аш-Шамали кен орнында жақында орнатылған кешен арқылы ұңғыма бұрғыланып, тәулігіне 2500 баррельден астам мұнай өндіріле бастады», – деп хабарлады бастапқыда Мысырдың Мұнай министрлігі.

Айта кетейік, 2022 жылдың соңында Мысырда түрлі аймақтарында 53 мұнай-газ кен орны ашылған болатын.

Айта кетейік, кен орнын Egypt General Petroleum Corporation (EGPC) мен Cheiron and Kufpec бірлескен кәсіпорны болып табылатын мысырлық Petrogulf Misr компаниясы басқаратыны белгілі болды.