Қайрат Боранбаев тергеумен келісімге келуге өтініш білдірді

Жарияланды

Фото: автордікі

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев тергеумен процестік келісімге келуге өтінішхат білдірді. 2023 жылдың 22 тамызында Астананың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарады.

Сот отырысында Боранбаевтың адвокаты Данияр Қанафин мемлекеттік айыптаушымен процестік келісімге келу туралы өтінішхат жолдады.

Сотталушылар мен олардың адвокаттары тергеу органдарымен процестік келісімге келу туралы өтінішхатты қолдады.

Судья Қайрат Боранбаевтан «кінәңізді мойындайсыз ба?» деп сұрады. Боранбаев «процестік келісім бойынша, иә» деп жауап берді.

Боранбаевқа қатысты сот үкімінің қашан шығатыны әлі белгісіз. Тергеу тарапы мен сотталушылардың адвокаттары процестік келісім талаптарын талқылайды.

Айта кетейік, бұған дейін Боранбаевқа сот үкімі 2023 жылдың 31 наурызында шықты. Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық іс бойынша сотталушы – Qazaq Gaz АҚ басқарма басшысының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ та 8 жылға сотталды. Ол сот залынан қамауға алынды.

Содан кейін Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ресей газының бағасы туралы ақпаратты қамтитын құжат түпнұсқасының болмауына байланысты бірінші инстанциядағы сот үкімінің күшін жойды.

Сондай-ақ оқыңыз