Фото: kazatomprom.kz
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының» басқарма құрамы өзгерді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Өндіріс жөніндегі блок пен ядролық отын циклі блогыны өндіріс жөніндегі бас директордың жетекшілігіндегі бір бизнес-бағытқа біріктіріп, ЯОЦ жөніндегі бас директордың лауазымын жою себебінен компанияның басқарма мүшесі, ЯОЦ жөніндегі бас директор Досболат Сарымсақовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп басқармасының құрамы төмендегідей:
- Ержан Мұқанов, басқарма төрағасы;
- Қуаныш Омарбеков, өндіріс жөніндегі бас директор;
- Дастан Көшербаев, коммерция жөніндегі бас директор;
- Ермек Қуантыров, құқықтық сүйемелдеу және корпоративтік басқару жөніндегі бас директор;
- Әлібек Алдоңғаров, HR және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бас директор;
- Мұхит Мағажанов, сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор.
Қуаныш Омарбеков 2023 жылғы 23 маусымнан Қазатомөнеркәсіптің өндіріс жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалған болатын.
Қазатомөнеркәсіп – 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22%- ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топ саладағы ең ірі уран қорына иелік етеді. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан.
Компанияны «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарады.