Жаңалықтар

Қытайда шахтада жарылыс болып, 11 адам көз жұмды

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында көмір шахтасында болған жарылыстан 11 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оқиға дүйсенбі күні кешкісін Шэньси провинциясы Яньань қаласына жақын маңдағы көмір шахтасында болған. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ТЖ кезінде жер астында 90 адам болған. 81 адам жер бетіне шыққан, тоғызы үйінді астында қалып қойған.

22 тамыздағы жағдай бойынша, жер астында қалған тоғыз адам қаза тапқан. Бұған дейін көтерілген екі адам алған жарақатынан көз жұмған. Тағы 11 адам ауруханада жатыр, олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Апат болған жерде ТЖ мән-жайы тексеріліп жатыр.