Жаңалықтар

БЖЗҚ бойынша 2023 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық кіріс 782,3 млрд теңгені құрады

ЕНПФ
Фото: Асқар Ахметуллин

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 16 366,61 млрд
теңгені құраған.

Шілдеде қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына біршама мемлекеттік бағалы қағаздар сатып алынған. Яғни Индонезиядан – 33,3 млрд тенгеге, Панамадан – 21,3 млрд тенгеге, Румыниядан – 8,9 млрд тенгеге, Филиппиныдан – 4,9 млрд тенгеге, Мексикадан – 4,4 млрд тенгеге, Польшадан – 1,9 млрд тенгеге бағалы қағаздар сатып алынған. Жалпы мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты жасалған мәміле құны 595,5 млрд теңгені құраған.

Ал ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ ЗА бойынша инвестициялық кіріс 782,3 млрд теңгені құраған.

«Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ шетелдік валюталар бағамының
құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс көлемі 782,3 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 5,80% болғанда 5,01% құрады», делінген БЖЗҚ есебінде.

Ал Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары есептік айда ҚР ЕДБ облигацияларының ағымдағы құны 2,53 млрд теңгеге ұлғайып, 873,95 млрд теңгені құраған. Олардың портфельдегі үлесі 5,34% болды. Есептік кезеңде ҚР ЕДБ облигациялары сатып алынбады, өтелмеді және сатылмаған. Есептік күнге ҚР ЕДБ облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10,6% құраған.

Жалпы 2023 жылдың шілде айында АҚШ ФРЖ базалық мөлшерлемені 5,25-5,50% дейін көтеру туралы шешім қабылдады, бұл нарыққа кәсіби қатысушылардың күткендерімен сәйкес келді. Бұл ретте ағымдағы жылдың аяғына дейін мөлшерлеменің тағы да бір көтерілуі туралы АҚШ ФРЖ сигналдарына қарамастан, инвесторлар ары қарай мөлшерлеме көтерілмейді деген пікірді ұстанады.

Сонымен қатар, әлемдік нарықтарда салыстырмалы тыныштық байқалды, ал VІХ
құбылмалылық индексі ең төменгі деңгейде сақталды. Нәтижесінде MSCI World акциялар индексі ай ішінде 3,3%-ға өсті, ал АҚШ-тың эталондық 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 12 базалық тармаққа өсті. Мұнымен бірге корпоративтік облигациялар мен дамушы елдердің облигациялары бойынша спредтер 10 базалық тармаққа және тиісінше 18 базалық тармаққа тарылды.

ҚР МБҚ орналасуына жоғарғы сұраныс, сондай-ақ, инфляцияның ары қарай баяулауы
аясында орташа мерзімді ҚР МБҚ бойынша кірістіліктің төмендеуі сақталады. Шілде айында инфляцияның өсуі 0,6% (мамыр айында 0,5%) немесе жылдық мәнде 14% (мамыр айында 14,6%) құрады. ҚР МБҚ аукциондарында медиандық сұраныс ұсыныстан 1,5 ретке асып түсті. Бұл ретте орташа мерзімді ҚР МБҚ (5-10 жыл) бойынша белсенді сұраныс байқалды, мұнда сұраныс ұсыныстан орташа алғанда 2,8 ретке асып түскен.