Жаңалықтар

МАЭК-тегі апат салдарынан ҚМГ 416 мың тонна мұнайды кем өндірген

Фото: shutterstock и kmg.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы МАЭК-тегі апатқа байланысты 416 мың тонна мұнай өндірісінен қағылды. Бұл туралы Ұлттық компания басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова мәлімдеді.

«Алдын ала болжам бойынша, жыл басынан тамыз айының ортасына дейін жоғалған мұнай көлемі 416 мың тоннаны құрады. Бұл ақшаға айналдырғанда, компания мұнай сатудан түсетін 99 млрд теңге кірістен қағылды деген сөз. Ол өз кезегінде бюджет тапшылығына алып келді», – деді Арысова сәрсенбіде KASE Эмитетт күні барысында.

Ол соңғы жылдары МАЭК тарапынан «ҚазМұнайГаз» кен орындарында электр қуатын өшірудің артқанын, бұл «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Ембімұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» компанияларының өндіріс көлеміне теріс әсер етіп отырғанын атап өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, 11 тамызда Батыс Қазақстандағы Маңғыстау облысында МАЭК-тегі апатқа байланысты электр қуаты үзілді. ЖЭО-2-де екі турбоагрегат сөндірілді.

Соның салдарынан Атырау электр орталығында тұтынушылық – 45 МВт-қа, кейіннен Маңғыстау электр орталығында 98 МВт-қа ажыратылды.

МАЭК-тегі апаттан кейін елде тәуліктік мұнай өндірісі төмендей бастады: егер оқиғадан бір күн бұрын 10 тамызда өндіріс көлемі 232 мың тоннаға жетсе, 14 тамызда ол 9,8%-ға, тәулігіне 209,3 мың тоннаға дейін төмендеген.

Апат салдарынан Қазақстанның Энергетика министрлігі 2023 жылға арналған мұнай өндіру болжамын 90,5 миллион тоннадан 89,4 миллион тоннаға дейін төмендетті.