Майнерлер elicense.kz порталынан лицензия алуы керек

Жарияланды
В Казахстане предложили строить угольные электростанции для майнинга

Фото: kursiv.media

Енді ҚР ЦДИАӨМ министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі №169/НҚ бұйғына сәйкес, цифрлық майнингпен айналысқысы келетіндер оған лицензия алуы қажет. Бұл лицензияны алу үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға elicense.kz порталында электрондық өтініш береді.

Цифрлық майнингке 2 түрлі лицензия алуға болады:

Біріншісі меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметке беріледі.

Екінші түрі– цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы меншік құқығына немесе басқа заңды негіздерде жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналасқан цифрлық майнингке арналған өзіне меншік құқығында тиесілі ақпараттық-бағдарламалық кешенді пайдалауға.

Лицензия алу үшін elicense.kz порталында өтініш толтыру қажет. Өтініште цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру үшін деректерді өңдеу орталығының орналасқан жері мен электр энергиясын алу тәсірі туралы мәліметтерді көрсетіп, қажетті құжаттарды бекітеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 ақпанда цифрлық активтер туралы заңға қол қойды. Ол Қазақстандағы цифрлық майнингті құқықтық реттейді. Қазақстанда өндірілген криптовалютаның бір бөлігін биржада сату туралы тармақты қоспағанда, заң 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді. Криптовалютаны биржада сату талабы 2024 жылдан бастап күшіне енеді.

2023 жылдың қаңтарынан бастап майнерлер электр қуаты ақысын прогрессивті шкала бойынша төлейді. Егер майнер арзан электр қуатын пайдаланатын болса, онда тұтынылатын әрбір киловат 25 теңгеден болады Сонымен қатар, электр энергиясының құны көтерілген сайын, оның ақысы пропорционалды түрде төмендейді. 

Жақында Энергетика министрлігі  Цифрлық майнерлерге электр желілеріне қосылу талаптарын бекіткен болатын. Құжатқа сәйкес, цифрлық майнерлерді электрмен жабдықтау Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасында жасалған шарттарға сәйкес, электр энергиясының көтерме сауда нарығында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз