Мысырда коронавирустың жаңа «Эрис» штаммының екі жағдайы анықталды
Жарияланды

Мысырда індеттің жаңа «Эрис» штаммының алғашқы екі жағдайы анықталды, деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі.
«Тұмауға ұқсас ауруларды, жедел респираторлық ауруларды және пневмонияны бақылайтын орталықтардың талдау нәтижелері COVID-19 EG-5.2 нұсқасының екі оң жағдайын растайды», – делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.
Денсаулық сақтау министрлігі екі жағдайда да жеңіл симптомдар байқалатынын, пациенттер сауығып кететінін атап өтті.
ДДҰ бұған дейін «Эрис» деп аталатын жаңа COVID-19 штаммы бүкіл әлемде кең таралып келе жатқанын, бірақ қазіргі уақытта жаһандық ауқымда төмен қауіп төндіретінін айтқан болатын.